Белгилүү режиссёр Садык Шернияз тарткан «Курманжан даткан» тарыхый киносу Кыргызстанда эле эмес,Орто Азиянын киноиндустриясында бир топ чоң жаңылык болгону талашсыз. Бул киного дүйнөлүк деңгээлдеги атактуу режиссёрлор, актёрлор терең баасын берип, суктанышкан.
Ал эми кыргыз кино тармагында да чоң жаңылык катары кабыл алынып, элибиз сыймыктана турган мыкты кинолордун бири катары тарыхка киргени ырас. Бул кино дүйнөнүн бир катар абройлуу кинфестивалдарында бир топ байгелерди багынтып, дүбүртү дүңгүрөп жатканына бир нече жылдын жүзү болду. Учурда «Курманжандын» дүбүртү коңшу казак элинде да катуу чыгып, миллиондогон көрөрмандардын эсин оодарып, суктандырып жатканын байкадык. Ага мисал катары, бул кино тууралуу ФБдагы бир топ кызуу талкуулардын айрымдарын гана сайтка коюп, назарыңыздарга сунуштамакчыбыз.
Маалымат катары айта кетсек, Казакстандын мамлекеттик жана бир топ жеке менчик телеканалдары биздин «Курманжан датканы» кезек-кезеги менен көгүлтүр экрандарда байма-бай көрсөтүп жатыптыр. Мына ошол ТВлардан көргөн казак боордоштор кино тууралуу өздөрүнүн таасирлерин, ой-пикирлерин соцсеттерге жазышып, ал «посттор» кызуу талкууга түшүп жаткан чагы. Биз да кыргыз киносуна мындай баа берилип жатканына ыраазы, болуп, Садык агабызга алкыш айтып турабыз.
Негизинен казактар «Курманжан датканы» аз акчага ушундай мыкты тартылганына суктанып, аны казактардын миллиондогон долларга тартылган (40 млн. долларга тартылган)»Көчмөндөр», «Миң бала жөө жүрөк» деген тарыхый кинолорундай жасалмалуук жок деп белгилешкен. Ошондой эле кыргыздар кино тартуу жагынан казактардан алда канча ашып түштү деген да пикирлерди окууга болот.
Эмесе, төмөндө пикирлердин айрымдарына көз чаптырыңыз:
Құрманжан датқа
Айсұлтан Жақыповтың посты мен Daniyar Alanның сілтемесінен кейін «Құрманжан датқаны» көріп шықтым. «Мәссаған, неден құр қалғанмын, мына киноны көрмей баяғыдан қайдан жүрмін» деген ойға қалдым. Керемет, әлі толқып отырмын шынымды айтсам.
Әттең, «Көшпенділер» мен «Жаужүрек мың балаға» да осылай толқып, көзіме жас алғанымда ғой. Бір сәтке ішім күйіп, кәдімгідей қырғыздардың кинодағы аяқ алысына қызықтым да. Туу, керемет түсірген.
Негізі, фильмнің ұтымды шығуына режиссер мен сценарийден бұрын, оператордың түсірушілік қырағылығы да қажет пе деп қалдым. Табиғат, адам, жануар қозғалыстың бәрін камера алдында үнсіз болса да «сөйлете» алған. Оператордың шеберлігі – фильмнің философиясын тартымды етіп түйіндеп бере алған.
Ортақ тарих, салт-дәстүр мен тыныс-тіршіліктің туыстығы, бәрі-бәрі экранда әдемі өрілген. Әлімбек датқаның жайнамаз үстіндегі өлімді қасқайып күтіп алғаны кімді де болсын бейжай қалдырмайды. Достойно өлу – өмірден де достойно сыйлығыңды алып кету екенін түсінесің.
Құрманжан датқаның тегі асылдығын дәлелдеп, ез еркекке тапталмай өз сұңқарына қашып келіп қосылғаны да мықты сюжет. Шакалдар қай заманда да болған, бола да береді. Фильмде тәуелсіздіктің басты жауы сыртқы жаудан бұрын сатқынның қауіпті екенін бадырайтып көрсетпесе де тұспалдап кеткен. Атыс барысында Абдылдабектің орыс жасағын ертіп келе жатқан сатқынды атып түсіруге тырысқан жері де мықты сюжет.
Тағы да ішім күйді. Басты рольге де әдемі ғана емес, терең де тұңғиық жанармен қарайтын актриса таба алған. Орта жастағы, кейіннен қария жасқа жеткен әжені де мықты таңдаған. Әлімбек датқаның да жүзінен мейірім тараған көзқарас, ұлының да дар алдында тайсақтамай ұлттық мүдде үшін биік тауларға соңғы рет сағыныш пен өкініш, үмітке толы асқақ көзқараспен көз жұмғызғаны да, анасының өз перзентін өлімге қасқайып шығарып салуы – жауының өзін орнынан тұрып құрметтеткізді. Ойладым, әңгіме басқыншылықта, шапқыншылықта да емес-ау, өмірдің мәні тазалық пен шындық, елге деген махаббатты қандай зар заман болса да осылай асқақ дәлелдеуге болады екен ғой.
Екі елдің бейбіт ымыраға келуі тұсында Құрманжанды ұлттың анасы ретінде ардақтаған орыс офицерінің иманжүзділігі, елдің басын біріктірер кезде ерлерді қайрап, Манас батырдың ұрпағы екенін еске салғаны да ұтымды сюжеттер.
Қыз – ұлттың ұяты, әйел – ұлттың ары, намысы. Әйелін көп шешіндірген (әдейі тырнақшасыз жазып отырмын) қоғамның ертеңі әрине азып-тозуға алып келетінін мен айтпай-ақ біліп отырсыз. Ер азамат үйіндегі ғана емес, ұлтының ертеңін жалғайтын қыз-келіншектің бәріне қамқор болса, Құрманжан сияқты аналар көбейер еді.
Есімде, «Жаужүрек мың баланы» кинотеатрға Гүл Советханқызымен көруге барғанымда ішім пысып: «Мынаны көп созып жіберіпті, не деген пафос! Осы біз комплекстен қашан арылар екенбіз?» деп қарным ашып шыққаны есімде. Со кезде Гүлдің шыр-пыры шығып, «Қойшы, Жан, өзімізді өзіміз жерге ұра бермейікші, жап-жақсы кино! Әрқайсысымыз патриот болайықшы! Сөйтіп-сөйтіп түзелеміз» деп мені «позитивно» қарауға шақырған еді.
Сондағы айтпағым, фильмді көріп болған соң «Құрманжан датқадағы» сияқты толқыныс пен шамырқанған сезім, жігер мен ұлтыңа деген махаббатты оятатын тылсым бір күшті іздеген болсам керек. Қысқасы, фильм супер.
А, сосын Құрманжанды ер адам деп ойлап қаппын))))))))
#Құрманжандатқақырғызфильм
Умут Ахматалиева Керемет кино.Жан дүйнөңүздү эс алдырат.Сыймыктанам.

Бізді қайдам, Қырғыздар рухани жаңғыру жолына баяғыда-ақ түскен екен.
#Құрманжан_датқа #Қырғыз #Фильм
Садык байке, сиз тарткан кинону казак туугандар аябай мактап жатат. Окуп алып, чынын айтсам кубандым. Экономикабыз дуркуроп осуп кетпесе да, маданият тармагын сиздей инсандар которуп, онуктуруп жатат. Бар болунуз улуу кыргыз элинин сыймыгы!!!